Жетісайлық диқандар мақта суаруға кірісті

6
2026-06-19

Түркістан облысының Жетісай ауданында мақта науқаны қызды. «Қазсушар» кәсіпорны өңірдегі алқаптарға су таратуды бастады. Жыл басынан бері жергілікті диқандардың қажеттілігі үшін 340 миллион текше метрден астам су жіберілген. Соның арқасында қазір диқандар КА-30 каналы арқылы егістікке еш кедергісіз су алып отыр. Қазір судың тұрақты әрі толық көлемде бөлінуі қатаң бақылауда.  Биыл су тапшылығы сезілмейді, мақта еккен шаруалар алдағы уақытта өнімнің мол болатынына сенімді.