Қазақстан креативті индустрия мен жасанды интеллектті дамытуға басымдық беріп отыр. Бүгінде 40-тан астам бағыт бойынша 150 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Соңғы жылдары саланың жалпы қосылған құны 3 миллиард долларға жеткен. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Санкт-Петербургте өткен халықаралық конференцияда мәлімдеді.Үкімет басшысының айтуынша, отандық фильмдер, музыкалық жобалар мен цифрлық өнімдер шетелдік нарыққа шығып, ұлттық мәдениетті әлемге танытуда. Сондай-ақ, елімізде тарихи нысандардың цифрлық көшірмелері жасалып, 300 мұражайды біріктірген E-Museum платформасы іске қосылды. Премьер-министрдің сөзінше, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтауға арналған заманауи технологиялар енгізіліп, жасанды интеллект шығармашылық саланың мүмкіндігін арттырды, нәтижесінде мәдени өнімдерді жаңа тетіктерін қалыптасып келеді.