Түркістанның «Тұран» командасы кезекті рет ірі есеппен жеңді. Футбол клубы бірінші лиганың 10-туры аясында өз алаңында «Ақтөбе-Жас» командасын қабылдады. Кездесуде Түркістандық ұжым қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнирлік кестедегі үшінші орнын нығайта түсті. Стадионды толтырған жанкүйерлер ойын бойы команданы қолдап, мерекелік атмосфера қалыптастырды. Кездесуді өңір басшысы Нұралхан Көшеров те арнайы тамашалап, жергілікті команданың ойынына қолдау көрсетті. Осылайша, «Тұран» кезекті ірі жеңісіне қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантты.