Түркістан облысында шіркейге қарсы күрес жұмыстары жіті бақылауда. Жалпы, өңірде жылда зиянкестер жиі кездесетін Сырдария өзені бойында орналасқан 54 елді мекен бар. Биыл мамандардың жүйелі жұмысының арқасында бұл аймақтарда шіркейлерің дернәсілі қанат қақпай жатып жойылды. Сондай ақ, осы жылы зиянкестерге қарсы 45 тоннадан астам арнайы биопрепарат дайындалыпты. Мамандар оны 12 дәрілеу кезеңі бойынша өзенге шашып, нәтижесінде 354 шақырым аумақты залалсыздандырып шыққан. Жалпы биыл дәрілеу жұмыстарына 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Мамандар белгіленген 15 орында қаңтар айынан бері үздіксіз қызмет атқарып келеді. Олар өңірдегі ахуал толық тұрақтанғанша жұмыстарын жалғастыра бермек.