Түркістан облысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы қарқынды жүруде. Биыл өңірде ондаған жаңа нысан ел игілігіне берілмек. Осы бағыттағы жұмыстардың барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық еткен мәжілісте қаралды.
Қазір облыста мәдениет саласында 13, спорт бағытында 10 нысанның құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар жыл соңына дейін инженерлік инфрақұрылым бойынша 22 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.