Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын тасқын судан қорғайтын Есіл су реттегішінің құрылысы келесі жылы басталады. Оның жалпы сыйымдылығы – 873 млн текше метрден асады. Ал бөгеттің ұзындығы 3443 метр. Нысан тасқын суды жинақтап, реттеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мердігер компания 19 ұңғыманың бұрғылау жұмыстарын аяқтады. Жоба жүзеге асқан соң, Талапкер, Қажымұқан және Төңкеріс ауылдары орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Бұдан өзге, нысан Ақмола облысындағы 25 мың гектар суармалы жерді суландыруға мүмкіндік береді.