Жеке деректерді сатқан топ құрықталды

12
2026-06-17

Қазақстандықтар мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратып, оны саудалап келген халықаралық қылмыстық арна жойылды. Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Чехия полициясымен бірлесіп, ауқымды арнайы операция жүргізді. Оның барысында киберқылмыскерлер жабық интернет-ресурстар құрып, адамдардың құпия мәліметтерін арнайы тарифпен сатып отырғаны анықталды. Олар тапқан табысты заңдастырып, қолма-қол ақшаға айналдыру үшін өзге адамдардың атына ашылған «дроп-аккаунттарды» пайдаланыпты. Күдіктілердің тұрғылықты жерінен қылмыстық әрекеттерін айғақтайтын бұлтартпас дәлелдер табылды. Қазіргі таңда қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адам қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.