Облыс әкімі «Дара ұрпақ» инклюзивті театрының ұжымымен кездесті

51
2026-06-17

Түркістанда дамуында ерекшелігі бар  жүзге жуық бала кәсіби сахнада өнер көрсетіп жүр. Сахна - олардың өмірге деген құштарлығын оятып, ерекше әлем сыйлады. Жуырда ғана ашылған «Дара ұрпақ» инклюзивті театрының алғашқы алты айлық жұмысы оң нәтиже берді. Бұрын адамдармен араласудан қашатын балалар қазір ұжымдық шығармашылыққа толық бейімделген, қимыл қозғалыстары шираған. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров осы бірегей ұжыммен арнайы кездесіп қайтты. 
Инклюзивті ұжымның тағы бір мақсаты Түркістан облысының барлық аудандары мен Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларына үлкен гастрольдік сапармен шығу. Осылайша, олар өмірлік сынаққа тап болған өзге де жүздеген балаға сахна арқылы үміт сыйлап, қанаттандырғысы келеді.