Алаяқтар жаңа деңгейге шықты

14
2026-06-17

Бұрын қазақы ырғаққа тілі көндікпей, күмәнді сөз саптауымен-ақ көптің күдігін оятататын алаяқтар   енді қазақ тілінде еркін сөйлеп, сенімге селкеу түсірмейтін деңгейге жеткен.  Алматы облысының Қарасай ауданында егде жастағы тұрғындар дәл осындай әккі әрекеттің құрбаны бола жаздады. Өздерін түрлі мекеменің  қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар еш мүдірместен қазақша сөйлеп, қариялардың сеніміне кіруге тырысқан. Бір тәуірі, олардың бұл ісі дер кезінде анықталып, полиция қызметкерлері қажетті шараларды қабылдады. Соның нәтижесінде тұрғындар қаржысынан айырылмады.  Жыл басынан бері Алматы облысында киберқылмысқа қарсы мамандар интернет-алаяқтықтың 30 дерегінің алдын алып, азаматтардың қаржысын сақтап қалуға мүмкіндік берген. Мамандар қырағылық танытып, бейтаныс адамдарға жеке мәліметтері мен банк деректерін бермеуге шақырады.