Қытайлық инвесторлар гүл өсіруге ниетті

14
2026-06-17

Түркістан Орта Азия мемлекетттері ішінде гүл өсіретін ең ірі  орталыққа айналмақ. Қытайлық инвесторлар өңірде гүл өсіру өндірісін дамытуға ниетті. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен қытайлық компания өкілдерімен кездесуде белгілі болды. Жоба аясында жергілікті шаруалармен бірлесіп, көгалдандыруға қажетті гүлдер мен сәндік ағаш көшеттерін өсіру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде компания Сарыағаш ауданында бұталы раушан гүлдерін тәжірибелік негізде егу жұмыстарын бастап кеткен. Алғашқы сынақ нәтижелері оң болған жағдайда жоба аясын кеңейіп, гүл өсірілетін алқап көлемі 20 гектарға дейін ұлғаятын болады. Компания өкілдерінің айтуынша, бүгінде  гүл өнімдеріне Орталық Азия елдері мен Ресей нарығында сұраныс жоғары.