Ұлттық ұлан сарбаздары Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына есімі жазылуымен құттықтады. Патриоттық акция ұйымдастырған жауынгерлер чемпионның спорттық брендіне айналған «GGG» жазуын саптық алаңда бейнеледі. Іс-шараның ерекше рухын оркестрдің өнері айшықтай түсті. Әскери музыканттар Геннадий Головкиннің жекпе-жегі алдында шырқалатын әйгілі «Seven Nation Army» композициясын орындады. Айта кетейік Головкин осындай жоғары мәртебеге ие болған тұңғыш қазақстандық. Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді аңыз спортшылармен бір қатарда тұр.