Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасы шетелдік сарапшылар тарапынан қолдау тауып жатыр. Су саласының халықаралық сарапшысы, «Жаңа су парадигмасы» тұжырымдамасының авторы доктор Михал Кравчик бұл ұсыныс жаһандық су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды әрі дер шағында жаслаған қадам екенін айтты. Оның сөзінше, бүгінде әлемде азық-түлік пен денсаулық саласында халықаралық ұйымдар жұмыс істейді, бірақ су мәселесіне жауапты бірыңғай құрылым әлі қалыптаспаған. Сарапшының пікірінше, бұл бастама мемлекеттер арасындағы су қатынастарын реттеп, тәжірибе алмасуды күшейтуге мүмкіндік береді.