Ер адам есірткі қосылған көкнәрды азық түлік ретінде сатып келген

15
2026-06-16

Дүкен сөресіндегі кәдімгі бәліш пен тәттілерге қосатын ұнтақ, есірткінің өзі болып шықты. Павлодарда дәмдеуіш қоспаның  атын жамылып, заңсыз сауданының көрігін қыздырған отбасы құрықталды. Отағасы Алекперов туыстарының басын қосып, кәдімгі қылмыстық топ құрған. Бірі тауарды тасымалдаса, екіншісі сақтап, енді бірі буып-түюмен айналысқан. Олар тыйым салынған затты басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы алдыртып, дүкендерде жай ғана дәмдеуіш ретінде сатып отырған.