Түркістан облысында жол жүру ережесі мен заң талаптарын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды. «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық шара барысында 1 мың 727 құқық бұзушылық анықталды. Белгіленбеген орынға көлік қойған 121 жүргізуші ескерту мен жаза алды. Тексеру барысында, 448 азамат телефон пайдаланғаны, 1011 жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды. Бұдан өзге, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан 22, мас күйде көлік басқарған 20 жүргізуші жауапқа тартылды. Тексеру жұмыстары жалғасуда.