Түркістан
EN

Тазалыққа талап күшейді

27
16.06.2026

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандарға қатысты 8 мыңға жуық хаттама толтырылып, жалпы 123 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Оның ішінде көпшілікке жүретін ортаны ластау мен абаттандыру талаптарын бұзу деректері басым. Бұл Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен аппарат мәжілісінде мәлім болды. Жиында аудан-қалалардағы санитарлық тазалық, саябақтар мен скверлердің жай-күйі, ғимараттардың сыртқы келбеті бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды. Тексеру барысында анықталған кемшіліктерге байланысты жергілікті әкімдіктерге нақты тапсырмалар жүктелді. Өңір басшысы тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.