Түркістан
EN

Қажымұқанға арналған кешен құрылысы аяқсыз қалды

141
21.04.2022

Былтыр даңқты балуан Қажымұқан Мұнайтпасовтың 150 жылдығына туристік орталық салынбақ болған. Алайда кешен құрылысы аяқсыз қалған.  Оған қаржы қолбайлау болып отыр. Тіпті, биыл да бітпейтін түрі бар. Өйткені, министрліктегілер оған ақша жоқ деп қысқа қайырып отыр. Жобаның жалпы құны 1 млрд 375 млн. Былтыр республикадан 30 млн  бөлінген. Мердігер компания жұмысты артығымен орындапты. Жергілікті атқамінерлер болса, биыл Ауыл ел бесігі аясында 511 млн тг қаржы сұраған. Өздері   шешуге жергілікті биліктің шамасы жетпейді. Депутат Дархан Мыңбай  мәжіліс отырысында аталған кешенге қаржы бөлу жөнінде экономика министрлігіне  сауал жолдады. Бұл істің биылда бітпейтін түрі бар. Өйткені, Ұлттық экономика вице-министрлігіндегілер  қажетті қаржыны келесі жылы қарастыруға  тырысатынын айтты. Бұл хабар жергілікті тұрғындарды  да қуанта қоймасы анық. Дегенмен құрылыс фирмаса қаржы толық қаралса, 11 айда жұмысты аяқтаймыз деп отыр.