Мемлекеттен кәсіпкерге қолдау көп. Шардара ауданында кәсіпкерлікті табыс көзіне айналдырған тұрғындар саны артып келеді. Қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, кәсібін кеңейткендердің қатары да көбейген. Тақырыпты әріптесім Бекболат Тілеуберген тарқатады.
Тігіннің тізгінін ұстаған Құттықыз Мырзаханова бұл кәсіппен он жылдан бері айналысып келеді. Үй жағдайында жұмыс істеп, қарапайым киім-кешектен бастап арнайы қызметтік формалар мен перделерге дейін тігеді. Өткен жылы мемлекеттен қайтарымсыз қаржылай грант алған кәсіпкер бүгінде аудан тұрғындарынан түсетін тапсырыстарды тұрақты қабылдап, кәсібін дамытуда.