NEET санатында 327 мың жас бар

9
2026-06-12

Қазір елімізде не сабақ оқымайтын, не жұмыс істемейтін 327 мың адам бар. Көрсеткіш бойынша көш басында Түркістан облысы тұр. Өңірде 18 мыңға жуық жас жұмыссыз ретінде тіркелген. Министрліктің мәліметінше, NEET санатындағы жастардың көбеюіне мамандықты қате таңдау себеп. Олар еңбек нарығында сұранысы аз мамандықтарды игеріп жүр.  Ұзақ оқудың кесірінен жастар жұмысқа кеш араласады. Осылайша уақытында тәжірибе жинап үлгермейді. Оның орнына, аспаз, тігінші, дәнекерлеуші сынды дағдыларды  3-6 айлық қысқа курстарда меңгеріп шығып тұрақты жұмыс табуына мүмкіндігі көп. Оның үстіне, елімізде жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін мемлекеттік бағдарламалар жоқ емес. Мәселен «Жастар практикасы» жобасы бар. Ол арқылы қолына диплом алған  түлектер, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» де іске асып жатыр.