Шетел азаматтарына құжат заңсыз рәсімделген

11
2026-06-12

Елімізге табаны тимей-ақ, Қазақстанның құжатын қалтаға басқандар анықталды. Астанада шетел азаматтарына заңсыз ЖСН, яғни жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеп келген үлкен қылмыстық схема әшкереленді. Заң бойынша кез келген шетелдік бұл құжатты алу үшін елімізге өзі келіп, бет-әлпетін компьютерге растауы, яғни биометриядан өтуі міндетті. Алайда, екі жыл бойы елордада мемлекеттік жүйенің тетіктерін пайдаланып, ешкімді елге келтірмей-ақ құжат үлестірумен айналысқан жасырын топ жұмыс істеп келген. Олар мемлекеттік базаға өтірік мәліметтерді енгізу арқылы заңды айналып өтіп отырған.