Бес айда еліміз бойынша рұқсат етілмеген 248 орыннан қоқыс үйіндісі анықталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ішкі істер министрлігі 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 153 заңсыз күресінді жойған. Тіркелгендерің көбі қоғамдық орындарды ластаған және абаттандыру ережелерін сақтамаған. Сонымен қатар министрлік тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерге төгу мен сұйық қалдықтарды заңсыз ағызу фактілерінің алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Ведомство азаматтарды тазалықты сақтап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.