Үйдің іргесінен ұңғыма қазып, су мұнарасын орнатуға қарсылық танытқан саурандық тұрғындар билік өкілдерінің дәйекті уәжінен кейін райынан қайтты. Өйткені даулы мәселе оң шешілсе ауылдағы жаңадан түскен бірнеше көшеге ауыз су жеткілікті мөлшерде берілетін болады. Бұл қаншалықты тиімді шешім? Шынар Әділханқызы тарқатып айтсын.