Түркістан
EN

Шегірткеге қарсы биопрепарат әзірледі

45
11.06.2026

Түркістан облысында шегірткеге қарсы жаңа биологиялық препарат сынақтан  сәтті өтті.  Ғалымдар әзірлеген экологиялық таза препарат марокко шегірткесіне қарсы қолданылған. Саңырауқұлақтан  жасалған биопрепарат сынақ барысында жәндіктерге үшінші күні әсер ете бастаған. Мамандардың айтуынша, бұл препарат химиялық дәрілерге балама бола алады. Ол қоршаған ортаға тиетін зиянды азайтып, ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта зерттеу жұмыстары еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасады.