Өткен жылдағы қылмыстар ашылды

14
2026-06-11

Төрт жыл бұрын адам өліміне себепші болған қылмыстың беті ашылды. 2022 жылы Павлодар облысы Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жарақаттардан денесінің сау тамтығы қалмаған жергілікті тұрғынның мәйіті табылған.  Іздестіру шаралары жүргізілгенмен, қылмысты ашу мүмкін болмады. 2026 жылы марқұмның араласатын  ортасын толық тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты. Тергеу барысында, олардың бірге спирттік ішімдік ішіп, соңы жанжалға ұласқаны анықталды. Қазіргі таңда, аталған азамат кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл еліміз бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегі ашылды. Оның 4 жағдайы адам өлімімен аяқталған.