Жыл басынан бері елімізде азаматтардан 1200-ден астам заңсыз қару тәркіленді. Оның ішінде, 18 автомат, 2 граната ату құралы 320-дан астам тапанша бар. Сондай ақ, 700 тегіс ұңғылы мылтық пен 100-ден астам ойық ұңғылы қару тәркіленді. Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару да қылмыстық айналымнан алынды Аталған жайт, «Қару» және «Құқықтық тәртіп» жедел – профилактикалық іс-шара барысында анықталды. Бүгінде, Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті нығайту шараларын жалғастыруда.
Қазір елімізде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ дәрілерін сатып алу акциясы жүргізілуде. Азаматтар тарапынан шамамен 750 әртүрлі қару және 4 мыңға жуық оқ дәрі тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.