Әлеуметтік желіде ұстаздар ата-аналарға «Оқушылар ораза ұстамасын!» деген үндеу айтты. Расымен де Рамазан айы басталғалы бері балалар тіпті төменгі сынып оқушыларының көбі ауыз бекітіп жүр екен. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, олардың кейбіреулерінің басы айналып, сабаққа зейіні жоғалған. Балиғат жасқа толғандардың барлығы ауыз бекітуі дұрыс па? Ал, дәрігерлер жас ағзаның ашығуы мен зорығуы созылмалы дертке яғни асқазанның қабынуы мен жара ауруына әкелеуі мүмкін екен ескертеді. Діни басқармаға да мектеп оқушыларының ораза ұстауына қатысты ата-аналардан сауал түскен. Облыстың бас имамы да ораза ұстағанын міндет қылмау керектігін алға тартты. Кез келген құлшылық, оның ішінде ораза толыққанды білім алуға, тиянақты жұмыс істеуге кері әсер етпеуі керек. Оразаны себеп етіп, әркімнің өзіне жүктелген жауапкершілігіне немқұрайлы қарауына болмайды. Бұл шариғаттың шындығы. Бастысы, балаларды ораза ұстауға мәжбүрлемеу керек.