Аптап ыстықтан асфальт балқып жатыр

12
2026-06-11

Шымкент пен Түркістан тасжолында аптап ыстықтан асфальт балқып жатыр. «ҚазАвтоЖол» мамандары жүргізген мониторинг барысында төрт учаскеде ақау анықталып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша белгілер орнатылған. Қазір арнайы бригадалар жол төсемін қалпына келтіріп, жол төсенішіне түсетін қысымды азайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандардың мәліметінше, өңірде соңғы 15 күннен бері ауа температурасы 35-42 градус аралығында ыстық болып тұр. Осыған байланысты жол қызметі күшейтілген режимге көшіп, тәулік бойы бақылау жұмыстарын жалғастыруда.