Көпшіліктің аңғалдығы мен сенгіштігін пайдаланатын алаяқтар енді "Айфон" маркілі ұялы телефондарды әдейі істен шығарып, сонымен пайда табуға көшті. Олар телефон иесіне оңай олжа, тегін қосымша ұсынып, әрі қарай құрылығыны бұғаттап тастайды. Ал, оны қайта іске қосу үшін қыруар ақша талап етеді. Алаяқтардың құйтырқы әрекеттері қалай жүзеге асады? Әріптесім Жұлдыз Шалхарбек әшкерелеп берсін.
Маманның сөзінше, бұғатталған құрылғылардың деректері арнайы жасырын арналарда саудаланады. Қылмыскерлер телефонды ашудың жолын өздері ұсынады. Әрине, ақысына. Сарапшылар, мәселе телефонда емес, халықтың цифрлық сауаттың әлі де төмендігінде екенін айтады. Сондықтан растау кодтарын, құпиясөздерді ешкімге бермеу, күмәнді сілтемелерді ашпау, белгісіз боттарға жеке мәлімет енгізбеу маңызды. Қылмыстың осы түрі қоғамда белең алғанымен полиция департаменті қызметкерлерінен әзірге оған қатысты мәлімет алу мүмкін болмады. Айтуларынша облыс аумағында мұндай алаяқтық әрекеттерге байланысты шағым түспеген.