Қаржы пирамидасын басқарған азамат сотталды

10
2026-06-10

Қызылордада қаржы пирамидасын басқарған тұлғаға қатысты сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген тергеу барысында ұйымдастырушының азаматтарды қысқа бейнероликтер қарау арқылы байып кетуге сендіргені анықталды. Жүйеге тіркелушілерге бағасы 10 мың теңгеден 11 миллион теңгеге дейінгі VIP-пакеттерді сатып алу ұсынылып, күніне 735 мың теңгеге дейін табыс уәде етілген. Схеманы насихаттау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер белсенді қолданылған. Тіпті, салымшылардың қаражатын жинау үшін арнайы криптоәмияндар пайдаланылғаны белгілі болды.