Мектеп оқулықтары жаңартылады

10
2026-06-10

Қолданыстағы мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескертпе мен қате анықталды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мәлімдеуінше, кітаптардан техникалық, стильдік кемшіліктермен қатар, математика пәнінен қате анықтамалар мен тарихи бұрмалаушылықтар табылған. Сала басшысы кейбір оқулықтардың 9 жыл бойы еш өзгеріссіз қолданылып келгенін сынға алды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр. Бекітілген кестеге сай, биыл 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптың кітаптары қайта басылады. Ал келер жылдың басында 4 пен 9-сынып, сәуір айына қарай 8-сынып оқулықтары толық жаңартылмақ. Жаңа басылымдар заманауи білім стандарттары мен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтарына негізделеді.