2040 жылға қарай су тапшылығы 17,5 текше шақырымға жетуі мүмкін

10
2026-06-10

2040 жылға қарай су тапшылығы 17,5 текше шақырымға жетуі мүмкін. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің «Көкжиде құмды алқабының аумағындағы геоэкологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер» тақырыбында өткен отырысында мәлімдеді. Ол өз сөзінде, Көкжиде мәселесінің талай жылдан бері көтеріліп келе жатқанын айтты.  Бүгінде оның суы Ақтөбе облысымен қатар, батыс Қазақстан өңірлерін ауыз сумен қамту ісінде маңызды ресурстардың бірі ретінде қарастырылуда. Алайда осы аумақта мұнай өндіру жұмыстарының жүріп жатқаны, жерасты суларының сапасына әсер ете ме деген алаңдаушылық тудырып отыр. Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы судың стратегиялық ресурс екенін бірнеше рет атап өтіп, оларды басқару жүйесін цифрландыруды және бақылауды күшейтуді тапсырған еді.