«Көңіл көтеретін газды» заңсыз сатқан азамат 8 жылға сотталды. Жастар арасында танымал азот оксиді биылдан бастап адам ағзаысына күшті әсер ететін заттардың тізбесіне енген. Күдіктілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес жауапқа тартылады. Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырған. Тексеру барысында түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында тыйым салынған заттарды таратудың 50-ге жуық фактісі анықталған.
Жыл басынан бері республика бойынша 49 факт тіркеліп, 1,5 мыңнан астам баллон мен екі автоцистерна тәркіленді. Көрші мемлекеттен "көңіл көтеретін газды" жеткізу арнасы жойылды. Осы фактілердің барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалды.