Кіреберіс төлқұжаты ашылды

7
2026-06-10

Сарыағаш ауданының кіреберісінде жаңа символдық-төлқұжаты ашылды. Сәулет нысаны өңірдің Қазығұрт ауданымен шектесетін тұсында, 22 метр биіктікте орналасқан. Үлкен жолдың бойындағы төлқұжат келушілерге алыстан менмұндалайды. Жобаға 100 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Оған толықтай аудан тумалары демеушілік еткен. Төлқұжат маңайына көше жарықшамдары, тынығуға арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған. Шараға қатысушылар нысан аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.