Шардара ауданында әлеуметтік осал топтар мен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған 60 пәтерлік бес қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілуге жақын. Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен бой көтерген нысан қазіргі таңда мемлекет тарапынан қабылдау және бағалау рәсімдерінен өтуде.Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшылығының мәліметінше, тұрғын үйдің инфрақұрылымы толық қамтамасыз етілген. Яғни, жарық, газ және жол қатынасы бойынша ешқандай мәселе жоқ. Тіпті, нысан орналасқан аумақтың әлеуеті де жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан мектеп те, қала орталығы да жақын маңда орналасқан.