Түркістан облысының инвестициялық көкжиегі кеңеюде. Қытайға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров халықаралық ірі компаниялармен бірқатар маңызды келіссөздер жүргізді. Кездесулерде өңірде шыны өндіру кешені мен 1500 мегаваттық жел электр станциясын салу жобалары талқыланды. Бұл бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашып, өнеркәсіп пен жасыл энергетиканы дамытуға, сондай-ақ облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Инвесторлар Түркістанның қолайлы бизнес ахуалына қызығушылық танытып, ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екенін жеткізді.