Түркістан
EN

Белгілі тарихшы Виктор Зайберт көз жұмды

601
21.04.2022

Белгілі тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт 75 жасқа қараған шағында өмірден озды. Виктор Федорович жылқының қазақ жерінде алғаш қолға үйретілгенін дәлелдеген.  Профессор Солтүстік Қазақстан облысының Николаевқа ауылында дүниеге келген. Тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу саласындағы маман ретінде бірнеше еңбектері бар. Ғалым өмірінІң 40 жылдан астам уақытын еліміз бен Еуразия құрлығының тарихын зерттеуге жұмсаған. Мемлекет басшысы Виктор Зайберттің жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.