Табиғатты қорғау акциясы өтті

33
2026-06-09

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 20 жыл толды. Осы айтулы мерейтойға орай, табиғи кешен аумағында дәстүрлі «Парктер шеруі» өтті. Шара аясында түрлі экологиялық акциялар, спорттық жарыстар мен үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Ұлттық парктің іргесі қаланғалы бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан экологиялық шара биыл да жалғасын тапты. Мақсат — қоғамның табиғатқа деген жанашырлығын оятып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілікке келген әрбір жан табиғатты ластау оңай, ал қалыпқа келтіру қиын деген пікірде.