Түркістан
EN

Нөсерден кейін көшелерді су басты

34
09.06.2026

Ақтөбеде бір сағаттан астам уақыт бойы шелектеп құйған нөсер жаңбыр қаланы әбігерге салды. Әлеуметтік желіде тараған видеода тұрғындар суға толған көшелерді кешіп өтіп жүргені көрінеді. Әкімдіктің мәліметінше, соңғы үш аптада Ақтөбеге бір жылдық жауын-шашын мөлшеріне жуық ылғал түскендіктен, арықтар мен арналар суды өткізіп үлгермей жатыр. Қазір көшелерде 110 ассенизатор көлігі  мен 5 сорғы станциясы тоқтаусыз жұмыс істеуде. Дегенмен, «Қазгидромет» мамандары мұндай  қолайсыз ауа райы апта соңына дейін жалғасатынын ескертеді.