Түркістан
EN

Инвестициялық байланыстар кеңейеді

35
09.06.2026

Түркістан облысы Қытаймен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге кірісті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және кәсіпкерлер делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Келіссөздерде инвестиция тарту, логистика, агроөнеркәсіп және жаңа өндірістерді іске қосу мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапары Қытайдың Юньнань провинциясындағы Куньмин қаласынан басталды. Делегация Қытайдың ірі мемлекеттік құрылыс холдингінің басшыларымен кездесіп, Түркістандағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін таныстырды. Бүгінде өңірде 21 индустриялық аймақ жұмыс істейді, ал арнайы экономикалық аймақта 35 басым бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасалған. Кездесуде автожол құрылысы мен логистикалық орталық құру мәселелері де көтерілді.