Ер адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды

17
2026-06-08

Алматыда 32 жастағы ер адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды. Тергеу мәліметінше, қанды оқиға алдында күдікті мен марқұм бірге ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туындап, соңы адам өлімімен аяқталған. Полицейлер күдіктінің қылмыстың ізін жасырып, мәйітті басқа жерге алып кетпек болғанын айтады. Алайда жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ол көп ұазамай қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.