Түркістандағы Ұлттық ұланның 5574 әскери бөлімінде бір жыл бойы ел тыныштығын күзеткен сарбаздар запасқа шығарылды. Әскери өмірдің сынағынан өткен 110 жауынгерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Тақырыпты әріптесім Көркем Әбдіғали толықтырады.
Әскери қызмет – тәртіп пен төзімділіктің мектебі. Бір жыл бұрын ғана осында келген жас сарбаздар, бүгінде жауапкершілікті сезінетін, Отан қорғауға сақадай сай шыңдалған азамат ретінде қалыптасты. Солардың бірі, қызылордалық Бақдәулет Тынышбек. Қызмет барысында белсенділігімен көзге түскен жас жауынгер, болашақта құқық қорғау саласында еңбек етуді мақсат етеді.
БАҚДӘУЛЕТ ТЫНЫШБЕК – ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ
Екінші жедел мақсаттағы ротасы, екінші взвод, екінші отделениеде аға маман, аға граната атқыш болып өз қызметімді атқардым, Осы бір жыл ішінде әскер маған төзімділікті және де бауырмашылдықты, жан-жақтан келген сарбаздармен татулықты үйретті. Склейка Бұл жақта белсенді болып, видеолар түсірдім. Басшылық құрамдармен жүріп, біраз іс-шараларға қатыстым. Склейка Ішкі істер министрлігіне кірсем деген ойымда мақсатым бар.
Жиында жауынгер тәрбиелеген аналардың еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Ұлын ел қорғауға тәрбиелеген аналарға «Отан қорғаушының анасы» төсбелгісі табысталды. Бұл марапаттың бірі Бақдәулеттің анасына да бұйырды. Ана жүрегі үшін баласының азамат болып қалыптасқанын көру үлкен қуаныш дейді.
ЖАНАТ ҮРГЕНІШБАЕВА – АНАСЫ
Бірінші кеткенде уайымдадық негізі баламызды. Қандай болады, не болады деп. Жан-жақтан есіткеннен кейін қорқыныш болды. Енді өзіміз көргеннен кейін қуаныш болып жатыр бір жағынан төсбелгімен марапаттап жатыр. Қуанып жатырмыз. Одан бөлек баламыз өсіп, жетіліп, есейіп қалғаны байқалып жатыр.
Бір жыл ішінде сарбаздар әскери даярлықтан өтіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне де белсенді атсалысты. Күндіз-түні қызметте болып, жауапты міндеттерді атқарған жауынгерлер тәртіп пен табандылықтың, төзім мен жауапкершіліктің маңызын терең сезінді. Әскери бөлім басшылығының айтуынша, мерзімді қызмет барысында қалыптасқан дағдылар мен өмірлік тәжірибе олардың болашақтағы кәсіби және азаматтық жолында үлкен рөл атқарады.
ФАХРИДДИН АБДРАХМАНОВ – БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ, ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Осы сарбаздар бір жыл бойы жақсы қызмет атқарды. Отан алдындағы борыштарын адал атқарды. Склейка Бұл әскери қызметшілер біздің Түркістан қаласында өткен жақында өткен саммитте өздерін үздік жағынан көрсетті. Склейка Осы бізге келешекте келетін сарбаздарға қорықпай әскерге келіңіздер. Әскерде бәрі жақсы. Бұрынғыдай қиын емес, барлық жағдайлар жасалынған.
Айта кетейік, былтыр Түркістан облысынан 5 мыңға жуық жас, әскер қатарына қосылған. Биыл да бұл үрдіс жалғасып, өңір жастары Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтырып жатыр.