Биыл 35 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

19
2026-06-08

Түркістан облысында жыл басынан бері 35 мыңнан аса жұмыс орыны ашылған. Оның 19 мыңға жуығы тұрақты жұмыс көзі. Ал, қалғаны уақытша, маусымдық жұмыс орындары. Облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте салаға жауапты басқарма басшысы бұқараны жұмыспен қамту жоспарына тоқталды. Айтуынша, жыл аяқталғанша 75 мыңға жуық жұмыс орынын ашу көзделген. 

МЕКЕНХАН ҚОЗЫХАНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  

Оның ішінде Ұлтық жобалар мен мемлекеттік тұжырымдамлар аясында 465, 11 476 жұмыс орыны Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 10 мың жұмыс», 18 мыңнан аса жұмыс орыны субсидиянттың жұмыс орындары, 1450 адамға грант беру және 40 мыңнан аса бос жұмыс орыны.  

 

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселесі де қаралды. Президент тапсырмасына сәйкес 2026-2029 жылдары жобаға 217 мыңнан астам ауыл азаматын тарту қажет. Биыл республикалық қазынадан 15,3 млрд теңге бөлініп, 1115 жобаны қаржыландыру көзделуде. Әлеуметтік қолдау шараларының орындалуы да сараланды. Осы жылы өңір бойынша 59 мыңнан астам адамды мемлекеттік жәрдеммен қамту көзделген. Аймақ басшысы сала басшыларына тиісті жұмысты ширата түсуді тапсырды.

 

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Биыл бекітілген индикаторларды мерзімді әрі сапалы орындау қажет. Инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс көзін ашуды тапсырамын. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша бекітілген индикаторлардың орындалуы, жұмыссыздықтың төмендеуі бойынша нақты шара қабылдауымыз керек. АӘК алушыларды заң талаптарына сай тексеру керек.