Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

17
2026-06-05

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНЕ 6 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ      

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ    

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 миллиард текше метрден астам су жіберілген. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Атырау облысының тұрғындарымен өткен есептік кездесуде мәлімдеді. Жиында су саласында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар туралы баяндалды. Мәселен, соңғы 2,5 жылда Каспий теңізіне 35 млрд текше метр су жіберілсе, оның 17 млрд текше метрден астамы 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде жиналған. Сонымен қатар, елімізде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны артып, жаңа Су кодексі аясында өнеркәсіптік кәсіпорындарды айналымды сумен жабдықтау жүйесіне көшіру жұмыстары жүруде. Кездесу барысында тұрғындар су қоймаларын салу, жерасты су қорларын зерттеу және ирригациялық жүйелерді жаңарту мәселелерін көтерді. Ведомоство өкілі жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

 

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ – ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ     

Бізде Атырау облысында 15 мың гектар егістік жер бар. Бүгінгі күні сол 10 мың гектар жерге жаңбырлатып және тамшылату жүйесі енгізілген. Республика бойынша жақсы көрсеткіш. Сіздерде 70 пайыздан 80 пайызға жақындап қалды деп айтуға болады. Үкімет тарапынан оған қомақты қаражат бөлініп жатыр.