Жасанды интеллект жол сапасын бақылайды

19
2026-06-05

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖОЛ САПАСЫН БАҚЫЛАЙДЫ

Түркістандағы көшелердің сапасын жасанды интеллект тексеріп жатыр.  Smart Roads Diagnostics System деп аталатын озық жүйе тасжолдағы ақау мен кем-кетікті тез арада анықтайды. Оны жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген. Мамандардың уақытын үнемдеп, жұмысын жеңілдеткен жүйе жайлы келесі сюжетте. 

 

Бұрын 100 шақырым жолдың деректерін өңдеуге 4 тәулік кететін. Қазір жасанды инттелект бұл істі 4 сағатта-ақ тындырады.  Алдымен «Жылжымалы жол зертханасы» жол жамылғысының жағдайын бақылап, асфальттың техникалық көрсеткішін автоматты түрде тіркейді. Кейін жиналған деректерді «ақылды жүйе» сараптайды. Мамандар жасанды интеллект жәрдемдескелі жұмыстың едәуір жеңілдегенін айтады.  

АБАЙ НАРБАЙҰЛЫ - ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ ТҮРКІСТАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ 

 

Диагностика кезінде бізде арнайы датчиктер және камералар болады. Сол арқылы түсірілген бүкіл материалдар жасанды интеллект көмегімен өңделеді. Жолдағы ақауларды толық анықтап береді. Ауданын, көлемін, ұзындығын көрсетеді. Сол арқылы біз алдағы уақытта сол жолдың қандай жөндеу жұмысын қажет ететініне баға береміз. 

 

ДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ ЖЕРДІ ҰРЫП, ТЕКСЕРЕДІ

Жолдың беріктігі мен төзімділігі динамикалық әдіспен анықталады. Ал тегістігін зертхана құрамындағы лазерлік жүйелер өлшейді. Мұндай замануи тәсілдер көлік қозғалысының қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта мамандар өңірдегі 1100 шақырым жолдың сапасын тексеруді жоспарлап отыр.   

АБАЙ НАРБАЙҰЛЫ - ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ ТҮРКІСТАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ 

 

Қазіргі уақытта Түркістан қаласы ішкі көшелерінде 120-ға жуық көше диагностикадан өтті. Диагностика қорытындысына сәйкес, жолдардың жалпы бөлігі қанағаттандырарлық жағдайда. Алдағы уақытта Түркістан қаласының көшелерінде толық диагностика жүргіземіз. 

 

Ұлттық сапа орталығының мамандары жаңадан төселіп жатқан жолдан да сынама алады. Арнайы зертханада асфальттың құрамына талдау жүргізіп, сапасына баға береді.  Жалпы Түркістан қаласында 845 шақырымды алып жатқан 875 көше бар. Қазір оның 159-ы жөнделіп жатыр. 

БАҚДӘУЛЕТ АРДАҚ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ 

 

Қазір Майлин көшесінің реконструкциялау жұмысы бастау алған. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы толық бөлінген жағдайда 2026 жылдың соңына дейін қолданысқа беру жоспарда бар. // Жалпы жыл 145,8 шақырымды құрайтын 173 көшенің орташа жөндеу жұмыстарын бастау жоспалануда.Сұраныс хат жіберілген. Қаржы бөлінген жағдайда жұмыс басталады. 

 

Жалпы жасанды интеллекттің көмегімен жылына 15 мың шақырым  республикалық және 5 мың шақырым жергілікті трассалар тексеріледі. Айта кетейік, Президент Жолдауда автомобиль жолдарын дамытуға баса мән беруді тапсырған. Өйткені  транзиттік жүк тасымалын арттыру стратегиялық міндет.