Жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

19
2026-06-05

ЖАСӨСПІРІМДІ ҚАҒЫП КЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ 

 

Елордада жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан баланың бағдаршамның рұқсат етілген жасыл түсіне жолдан өтіп бара жатқанын көруге болады. Дәл осы сәтте оны ақ түсті жол талғамайтын көлік соғып кетеді. Жеткіншек өздігінен орнынан тұрғанымен, жүргізушінің тоқтамастан зымырай жөнелгені желі қолданушыларының  наразылығын тудырды. Көп ұзамай «Toyota RAV4» маркалы автокөлігіктің иесі қолға түсті. Қазір көлік құралы арнайы тұраққа қойылып, тергеу жүріп жатыр.