Ескек есуден VI Азия чемпионаты басталды

14
2026-06-04

Түркістан тек рухани астана емес, спорттан әлемдік сайыстар жиі өтетін орталыққа айналып келеді! Еліміздің тарихында алғаш рет байдарка мен каноэде ескек есуден VI Азия чемпионаты дәл осы қасиетті шаһарда басталды. Құрлықтық жарысқа  Азияның 15 мемлекетінен 350-ден астам спортшы жиналды. Олардың қатарында Жапония, Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты алпауыт елдердің құрамалары бар. Табиғи су көзі жоқ аймақта салынған, әлемде теңдесі жоқ алып ескек есу арнасы енді Азияның жас чемпиондарын анықтамақ.

 Түркістандағы бұл жарыстың  ауқымы шын мәнінде таңқаларлық. Халықаралық стандартқа сай салынған 2 шақырымдық арнада тек U18 және U23 санатындағы жастар ғана емес, параканоэ шеберлері де бақ сынауда. Олардың арасында Петропавл тумасы, Қазақстанның қысқы Паралимпиада тарихында алтын әперген аңыз спортшы Ербол Хамитов та бар. Шаңғы мен биатлонның хас шебері енді өзін су спортында сынап көрмек. Екі жылдан бері ескек есу бойынша шеберлігін шыңдаған ол, Түркістандағы жарыста жаңа белесті бағындыруға дайын.

ЕРБОЛ ХАМИТОВ – СПОРТШЫName_news

Мен осы өз атымды әлем тарихына жазу соған ұмтыламыз. Бар күш жігерімізді саламыз. Және парабиатлоннан мен кетпедім. Екі спорт түрін қатар көреміз. Көп сөз айтпаймыз. Дайындаламыз. Көреміз. Физикалық тұрғыда дайынмын. Ертең көреміз. Ертең жарысқа шығамыз, 200 метр спринт.

Азия біріншілігінде Қазақстанның намысын 58 спортшы қорғайды. Олардың ішінде Стелла Суханова мен Мария Бровкова сынды тәжірибелі спортшылар бар. Оңтүстік Корея құрамасы да жарысқа мықты дайындықпен келіпті. Шетелдіктер  Түркістанның спорттық инфрақұрылымына таңданысын жасыра алмады.

ДЖУН ЫН ЛИ – СПОРТШЫ Name_news

Мен Кореядан келдім. Корея құрамасының жетекшісімін. Біздің команда өте мықты әрі тәжірибелі. Құрамамызда байдарка мен каноэ спортшылары бар. Қазіргі таңда команда сапында үш жаттықтырушы мен он спортшы жұмыс істеп жатыр. Бұл менің Түркістанға екінші рет келуім. Алғаш келген сапарымда қала маған қатты ұнаған еді. Қазір де Түркістанды ерекше жақсы көремін. Жарысқа дайындық уақыты қысқа болғанымен, біз өте жақсы жаттықтық. Сондықтан алдағы жарыста жоғары нәтиже көрсетеміз деп сенемін.

Салтанатты ашылу рәсіміне Азия каноэ қауымдастығының президенті Прашант Кушваха мен Туризм және спорт министрлігінің өкілдері арнайы қатысты. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жарыс жолына шығатын барлық спортшыларға сәттілік тілеп, бұл нысанның тек Қазақстан емес, орта Азия үшін маңызы зор екенін атап өтті.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІName_news

Қазіргі таңда үкіметтің қолдауымен облысымызда 3595 спорт нысаны халық игіліге қызмет көрсетуде. Соның ішінде халықаралық талаптарға сай осы салынған Түркістандағы ескек есу каналы еліміздегі бірегей спорт кешендерінің бірі. Бүгін ол Азия деңгейінде танылса, ертең ол әлемдік додаларды қабылдайтынына сенімдімін. Осындай ауқымды Азия чемпионатының алғашқы рет Қазақстандаоның ішінде осы біздің Түркістан қаласында өтуі біз үшін үлкен мәртебе.

 Жалпы аумағы 99 гектарды алып жатқан, айданға  2 миллион текше метрден астам су жиналған. Бірегей кешенде жаттығатын  жергілікті спортшылар былтырдың өзінде түрлі жарыстардан 500-ге жуық медаль жеңіп алды. Ал 7 маусымға дейін жалғасатын Азия чемпионатында байдарка мен каноэ шеберлері жалпы саны 67 жүлдені  сарапқа салмақ. Түркістан төрінде кімнің бағы жанып, кімнің бабы шабары алдағы күндері белгілі болады.