Табиғатты қорғау – бір күндік науқан емес, үздіксіз жүргізілетін жұмыс. Әсіресе жаз мезгілінде орман өрттерінің алдын алу, заңсыз ағаш кесуге жол бермеу және жасыл желекті көбейту мәселесі өзекті бола түседі. Қаратау орманшылығы аумағында да орман қорын сақтау бағытында бірқатар шаралар қолға алынған. Мамандар тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарап, демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Өйткені орман – тек ағаштар жиынтығы емес, экологиялық тепе-теңдіктің кепілі.
ДӘУЛЕТХАН БИМАХАНҰЛЫ ҚАРАТАУ ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Орман табиғаттың ең маңызды байлығының бірі. Ол қоршаған ортаның тазалығын сақтап, ауа құрамын реттеп, жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан орман қорымын сақтау мен молайту маңызды мемлекеттік міндет. Қазіргі таңда табиғатқа бейжай қараудан заңсыз ағаш кесу, орман өрттері орын алуда.