Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған іскерлік конгресс өтті. Басқосуда нәзік жандылардың экономиканы дамытудағы рөлі, жаңа бизнес бастамалар мен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері талқыланды. Тақырыпты әріптесім Көркем Әбдіғали тарқатып айтады.
Форумға облыстың аудан-қалаларынан келген кәсіпкер әйелдер, депутаттар мен сарапшылар қатысты. Солардың бірі – Сайрам ауданынан келген кәсіпкер Шынар Кенжебекова. Ол мектепке дейінгі білім беру саласында он жылға жуық еңбек етіп келеді. Айтуынша, мұндай кездесулер тәжірибе алмасып қана қоймай, бизнесті дамытуға тың серпін береді.
ШЫНАР КЕНЖЕБЕКОВА – КӘСІПКЕР
Осы форумға қатысудың бірден бір әсері, септігі өте жоғары деп есептпейміз және өзімізде осы форумнан үлгі аларымыз көп. Яғни мен өзім кәсіпкер саласындамын. Мектепке дейінгі ұйым. Яғни балабақша. Склейка Жол көрсетілу барысында өте өзіме үлгі тұтып отырмын. Яғни үлкен спикерлердің айтқаны бойынша, мемлекеттен қаралатын көмектер, әйел кәсіпкерлерді жеңіл пайызды несие арқылы кәсіптерді дамыту. Сол жағыда өзіме қатты ұнап тұр.
Конгресс аясында қатысушыларға өңір кәсіпкерлерінің өнімдері ұсынылған көрме таныстырылды. Бүгінде Түркістан облысында 208 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген болса, соның 94 мыңнан астамын әйелдер басқарып отыр. Сала өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлікке бет бұрған нәзік жандылардың белсенділігі жоғары, олардың іскерлік бастамалары өңір экономикасының дамуына серпін беріп келеді.
АСЫЛАН ИБАДУЛЛАЕВ – «АТАМЕКЕН» ҰКП ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бізде қазір облысымызда әйелдерідң кәсібі 40 пайыздан жоғары. Оның ішінде одан бөлек жастарымызда бар. Былайша айтқанда тең десекте болады кәсіпкерлеріміз. Ірі бизнестерді алып тастағанда алып қарасақ әйел кәсіпкерлер көп. Олар өте белсенді. Бастамалары, тәуекелшілдігі өте жоғары.
Бүгінде әйелдер тек кәсіпкерлікпен айналысып, жаңа жұмыс орындарын ашумен шектелмейді. Олар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды шешімдер қабылданатын алаңдарда да белсенділікпен танылып келеді. Соған қарамастан, саясаттағы әйелдердің үлесін арттыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова мәлімдеді. Оның айтуынша, шешім қабылдау деңгейіндегі нәзік жандылардың үлесін көбейту – уақыт талабы.
ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Енді қазір бізге 97 депутат, 17 әйел. Ол 17 пайызды құрайды. Аманат партиясынан мәжілісте депутаттар саны 61. Оның ішінде 10 депутат әйелдер. Шамамен 16 пайыз. Ол үлкен көрсеткіш емес деп ойлаймын. Склейка Сонымен қатар, Түркістан облысынан, біздің ең үлкен облысымздан 1 әйел сайланса деген ұсынымыз бар.
Форум аясында әйелдер көшбасшылығы, жасанды интеллект, экспорттық мүмкіндіктер және әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттарында арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Қатысушылар жаңа серіктестіктер орнатып, өзара тәжірибе алмасты. Ұйымдастырушылар мұндай алаңдар өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына тың серпін беріп, жаңа жобалардың жүзеге асуына жол ашады деп отыр.