Атырауда ойын-сауық саябағыннан алапат өрт шықты. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жалын ағаштан жасалған "Қорқыныш бөлмесі" мен әткеншекті шарпыған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар аталған нысандардың толықтай жанып жатқанын анықтады. Өрттің тез таралуына жанғыш материалдардың көптігі себеп болған. Құтқарушылар жалынның жақын маңдағы құрылыстарға таралуына жол бермей, өртті аз уақытта толық сөндірді. Апаттан зардап шеккендер жоқ.