Мерекеге орай Ұлттық ұланның ерлер хоры елордалықтарды ерекше форматта құттықтады. LRT-да әнұран мен патриоттық әндерді жанды дауыста орындаған өнерпаз әскерилер жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Күтпеген музыкалық тарту көпшілікті тәнті еттіп, бірі қосыла ән шырқаса, енді бірі әсерлі сәтті ұялы телефонына түсіріп жатты. Ұйымдастырушылар айтуынша шараның мақсаты мемлекеттік рәміздерге құрметті арттырып, жастардың бойына отансүйгіштік рухын сіңіру.
Сарбаздардың ән айту сәтінен
ӘДІЛ ШАГИРОВ ҰҰ ЕРЛЕР ХОРЫНЫҢ ХОРМЕЙСТЕРІ
Бүгін ҰҰ ерлер хоры Астана қаласының тұрғындарын және қала қонақтарын мерекемен құттықтауда. Біздің флешмоб ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналады. Барша қазақстандықтарды келіп жеткен мерекемен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын