Енді өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына кәсіпорын басшылары тікелей жауап береді. Премьер-Министр Олжас Бектенов ірі кәсіпорын жетекшілерінің жұмысы өндірістік жарақат көрсеткіші бойынша бағаланатынын айтты. Арнайы KPI жүйесі енгізіліп, оның нәтижесі басшылардың жалақысы мен қызметіне әсер етпек. Үкімет еңбек қауіпсіздігін күшейтіп, жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуды көздеп отыр. Сонымен қатар, өндірістегі негізгі қауіп-қатерлер де айтылды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
Дегенмен еліміздің жекелеген кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қазіргі деңгейінде тәуекелдер бар. Олардың дені тозығы жеткен жабдықтарды уақытылы алмастырмау, өндірістік бақылаудың әлсіздігі және заманауи қауіпсіздік жүйелерінің болмауына байланысты туындап отыр. Бұл, ең алдымен, тау-кен, мұнай-газ және химия кәсіпорындарына байланысты. Өнеркәсіптің осы салаларын ерекше бақылауда ұстаған жөн.